Шығармашыл виртуоз 2017 балалар және жасөспірімдер шығармашыл жобасы Қазақстан талапкер 2016 жобасының шенберінде өткізіледі

Мюзикл актері -Шығармашыл виртуоз байқауының ережесі.

 «Мюзикл актері – Шығармашыл виртуоз» балалар және жасөспірімдер шығармашылығы конкурсы «Шығармашыл виртуоз – 2017» жобасының шеңберінде өткізіледі.

«Шығармашыл виртуоз – 2017» жобасы жас ұрпақты дамыту, шығармашылықтың әртүрлі саласындағы дарындарды «Мюзикл-2018» тұңғыш қазақ жобасы аясында  бірыңғай бірлескен жұмысқа біріктіру арқылы жастардың мәдени және шығармашыл әлеуетін  дамыту мақсатында әзірленді.

байқаудың мақсаттары: төмендегі салалар бойынша үздік шығармашылық виртуоздарды іріктеу.

Вокальдық орындау; Хореографии; Аспаптық орындаушылық; Көркемсөз; Актерлік шығармашылық.

Іріктеу конкурсы «Мюзикл 2018» жобасына қатысу үшін актерлік құрамды анықтауға мүмкіндік береді.

«Мюзикл актері-шығармашыл виртуоз» 4 байқау кезенінде өтеді, концерт сахнасында  өз таланттарды көрсету арқылы.

Өткізілетін орны Байқау күні Іріктеу байқауы Тақырыптық жанр
1 «Жастар сарайы» КМКШ 28-29-30 наурыз 2017 жыл Өнер өрнектері Еркін тақырып
2 «Жастар сарайы»   КМКШ 2-3 шілде 2017 жыл Шығармашылық шындық Эстрада жанры
3  «Жастар сарайы»   КМКШ 29-30 қыркүйек 2017 жыл Жетістікке қол жеткізу үміті Классикалық  жанр
4  «Жастар сарайы» КМКШ 17-18 желтоқсан 2017 жыл Шығармашыл виртуоз Попурри

 

ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫ

•  Халықаралық шығармашылық жоба қозғалысы “Қазақстан таланттары”        Астана қаласы Басқармасы әкімдігі.

•  Астана қаласы басқармасы “мемлекеттік мәдениет мекемесі, мұрағаттар және құжаттама басқармасы”;

•  “Нұр Отан”партиясының Орталық қалалық басқармасы

•   “Нұр Отан” Партияның жастар қанаты – “Жас Отан”

•    МКҚК “Жастар Сарайы”

•    Мамандандырылған “Музыка Мектебі”, Астана қаласы;

•    Жауапкершілігі Шектеулі серіктестігі “FARTUNA LARGUS”;

•    Жауапкершілігі Шектеулі серіктестігі «АДАЛ ЖАН»;

•    Информационный портал  www.ART- dance.kz (г. Алматы)

 

Бас қазылар алқасының құрамы:

Қазылар алқасының құрамы байқау ұйымдастырушылармен қалыптастырылады және Астана қаласының Басқармасы әкімдігінің мәдениет және өнер саласының Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Мамандарымен бекітіледі.

 

  Марфин Дмитрий Николаевич-режиссер, “Фантастика” Театрының қоюшы, Мәдениет, өнер және шығармашылық Сарайында сценарийші, актер;   Жобалар жетекшісі; Кинокомпания “Русский  Голливуд” актерлер жөніндегі директор. РФ г. Тольятти.
  Нағима Есқалиева – эстрада әншісі, актриса және тележүргізуші. Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының Лауреаты, өнер Академиясының профессоры. ҚР, Алматы қ.
  Ержан Даутов – Бас хормейстер. ҚР еңбек Сіңірген қайраткері, “Құрмет”орденінің кавалері.
  Кадиша Агимбаева – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік “Наз” би театрының (Астана қаласы) бас балетмейстері.

 

Бірінші байқау кезені : «Өнер өрнектері»

Өткізілетін орны: МКҚК “Жастар Сарайы”

Байқау өткізілетін күндері: 28-30 наурыз 2017 жыл         

Тақырыптық жанр:  Еркін тақырып

Номинациялар:

Әрбір іріктеу байқауына берілген тақырыптық жанр бойынша вокальдық орындау (жеке дауыс, дуэт, трио, квартет, хор).

Әрбір іріктеу байқауына берілген тақырыптық жанрға сәйкес  хореография (Заманауи, Спорттық, Джаз, Классикалық – Балет, Демиклассика, Модерн, Халықтық, Фолк, Шоу, Табла, Акробатикалық, Street бағыты – Хип-хоп, Степ, Шоу хип – хоп команд, Хаус, Брейк Данс, StreetDanceShow ).

Әрбір іріктеу байқауына берілген тақырыптық жанрға сәйкес  аспаптық орындаушылық (жеке дауыс, ансамбль).

Әрбір іріктеу байқауына берілген тақырыптық жанрға сәйкес   көркемсөз, Актерлік шеберлік.

Басшылар үшін номинациялар:

  • Ø Номердің үздік қоюшысы;

Қатысушылардың жас санаты: 3-5, 6-9, 10-12, 13-15, 16-20, 21-25 жас, 26 және одан жоғары –  ересектер тобы, аралас санат.

Қатысу үшін міндетті талаптар мен шарттар:

«Вокалдық орындау, «Хореографиялық орындау»

«Өнер өрнектері» 1- байқау – 1 номер, нөмердің  ұзақтығы 5 минутқа дейін, «минусовка» фонограммамен орындалады (еркін тақырып);

«Шығармашылық шындық» 2- байқау – 1 номер, нөмердің  ұзақтығы 5 минутқа, (эстрада жанры);

«Табысқа жету мүмкіндігі» 3- байқау – 1 номер, 1 номер, нөмердің  ұзақтығы 5 минутқа дейін, (классика жанры); «акапельді»  орындалады – жанды дауыс

«Шығармашыл виртуоз» 4 байқау – 1 номер, нөмердің ұзақтығы 5 минутқа дейін,  (попурри)  «минусовка» фонограммамен орындалады

«Инструментальдық орындау», «Көркемсөз», «Актерлік шеберлік» танаттарындағы міндетті талаптар: «минусовка» фонограммамен орындалады

1. «Өнер өрнектері» 1- байқау – 1 номер, нөмірдің  ұзақтығы 5 минутқа дейін (еркін тақырып);

2.«Шығармашылық шындық» 2- байқау – 1 номер, номердің  ұзақтығы 5 минутқа дейін (эстрада жанры);

3.«Табысқа жету мүмкіндігі» 3- байқау – 1 номер, номердің  ұзақтығы 5 минутқа дейін (классика жанры);

4. «Шығармашыл виртуоз» 4 байқау – 1 номер, номердің ұзақтығы 5 минут (попурри).

 

Мюзикл актері – Шығармашыл виртуоз» байқауына  қатысу шарттары:

Өтінімдер 2017 жылғы 22 наурызға дейін қабылданады. Байқауға  қатысу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

  • Сауалнама-өтінім (… өтінімін көшіріп алу)
  • Қатысушылар тізімі (… бланкін көшіріп алу)
  • Шығармашылық мінездеме
  • Вокальдық және хореографиялық нөмерлер үшін  минусовка фонограмманы жіберу керек.
  • Байқауға қатысу шарты (… шартын көшіріп алу) Сканнұсқасымен танысу, қол қою және …. ұйымдастыру комитетінің почтасына жіберу
  • Видео youtube.com каналға жеткізу
  • Төлемақысың өткізіп akter.myuzikla@mail.ru почтаға квитанцияның сканвариантын  өткізу

 

4 іріктеу байқау үшін «Мюзикл актері – Шығармашыл виртуоз» жобасына қатысу жарнасы.

  • Вокал – 40000 тг
  • Көркемсөз – 40000 тг
  • Инструменталистер – 40000 г
  • Педагог-оқушы – 40000 тг
  • Хореография – 15000 тг
  • Актерлік шеберлік

Қатысушылардың жарналары байқауды ұйымдастыруға, байқауға ұйымдастырудың әкімшілік шығыстарына, сондай-ақ байқауының жұлде қорын қалыптастыруға жұмсалады.

Онлайн-байқауының ережесі

Онлайн-байқау  үш байқау кезеңде өтеді, оларға қатысатындар:

– жұмысын жаңа бастаған, белгілі, құрметті дәрежеге қол жеткізген және қол жеткізгісі келетін жазушылар, ақындар, либреттистер, сазгерлер.

Онлайн-конкурс авторлардың шығармашылық ойл-ниеттері мен армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

1-онлайн-байқау – Жазушы, Сценарист;

2-онлайн– байқау – Ақын, Либреттист;

3-онлайн- байқау – Сазгер;

  • Онлайн- байқау «Сценарист – Шығармашыл виртуоз»

Байқау іріктеу кезеңі: Жазушы – сценарист;

Жас санаты: шексіз

Байқау өткізу уақыты: 2017 жылғы 15 ақпаннан бастап 2017 жылғы 15 мамырға дейін (авторлардың жұмыстары 2017 жылғы                   15 мамырды қоса алғанға дейін қабылданады ).

Байқау мақсаты: Берілген тақырып бойынша «Мюзикл-2018» жобасы үшін сценарийге авторлардың жұмыстарын конкурстық іріктеу және «Мюзикл сценарийі – Шығармашыл виртуоз»  жюриінің білікті  құрамын бағалау арқылы жүлдегер анықталады, оның сценарийі бойынша «Мюзикл – 2018» жобасына мюзикл қойылатын болады.

«Мюзикл сценарийі – Шығармашыл виртуоз» байқауы аяқталған соң білікті жюри құрамы бағалаудың негізінде «Мюзикл» жобасының сценарийін» бекіту хаттамасы жасалады, ол келесі  «Либреттист – Шығармашыл виртуоз» онлайн- байқауының негізіне алынады.

Қатысу шарттары:

1. Қатысушының сауалнамасын толтыру (…. Сауалнамасын көшіріп алу);

2. Өзінің ойындағысын сценарийге түсіру;

3. Байқау аяқталатын күнге дейін (15.05.2017 жыл) жұмысшы нұсқасын, қажетті форматта ресімделген сценарийдің қысқаша мазмұнын почтамен жіберу, титульдық парақта қатысушының  реттік нөмірін көрсету (сауалнамада көрсетілген нөмір). (…. Титульдық парағын көшіріп алу).

Қатысу жарнасы 5000 тг.

Баға өлшемдері: Сюжеті; Көркемдігі; Техникалығы; Ой-ниеттің іске асуы; Өзектілігі; Әлеуметтік маңызы; Серпінділігі; Эпизодтардың үйлесімділігі; Ерекшелігі.

  •  «Либреттист – Шығармашыл виртуоз» онлайн- байқауы

Байқау іріктеу кезеңі: Ақын – Либреттист,

Байқаудын өтетін күні: 2017 жылғы 1 маусымнан 2017 жылы 1 қыркүйекке дейін (авторлардың жұмыстары 2017 жылғы 1 қыркүйекті қоса алғанға дейін қабылданады).

Байқау мақсаты: «Мюзикл- 2018» жобасы үшін авторлардың либретто-өлеңдерді байқау іріктеу жұмыстары арқылы, оның негізіне «Мюзикл сценарийі – Шығармашыл виртуоз» онлайн- байқау бірінші кезеңі жеңімпазының сценарийі және білікті жюри құрамының бағасы алынады, либреттосы мюзиклдің негізіне кіретін  жеңімпаздар  анықталады.  «Либреттист – Шығармашыл виртуоз» байқау аяқталғаннан кейін білікті жюри құрамы бағалардың негізінде «Мюзикл» жобасы үшін  «Жоба либреттосын»  бекіту туралы хаттаманы шығарады, ол келесі  «Сазгер – Шығармашыл виртуоз» онлайн- байқауының негізіне алынады.

Қатысу шарттары: 

1. Қатысушының сауалнамасын толтыру (…. Сауалнамасын көшіріп алу);

2. Өзінің ойындағысын сценарийге түсіру;

3. Байқау аяқталатын күнге дейін (01.09.2017 жыл) жұмысшы нұсқасын, қажетті форматта ресімделген сценарийдің өлеңдерін (либретто) почтамен жіберу, титульдық парақта қатысушының  реттік нөмірін көрсету – сауалнамада көрсетілген нөмір.    (…. титульдық парағын көшіріп алу).

Қатысу жарнасы 5000 тг.

Бағалау өлшемдері: либретті мәтін, өлең мәтіні; мәтіннің құрылымы мен функциясы; либретто және тиісті техникалық тәсілдерді жазу қағидаттары; көркемдік; тұпнұсқалық; либреттоның шынайылығы.

  •  «Сазгер – Шығармашыл виртуоз» онлайн- байқау

Байқау іріктеу кезеңі: Сазгер

Байқау өтетін күні:  2017 жылғы 15 қыркүйектен бастап 2017 жылғы 1 желтоқсаға (қоса алғанда) дейін.

Байқауының мақсаты: авторлардың «Мюзикл» жобасы үшін либреттоға композициялар арқылы байқау іріктеу жұмыстары, оның негізіне «Либреттист – Шығармашыл виртуоз» екінші онлайн- байқау кезеңі жеңімпазының либреттосы алынады, және білікті  жюри құрамының бағалары арқылы жеңімпаздар анықталады, олардың композициялары (шығармалары) мюзиклдің негізіне алынады.

«Композитор – Шығармашыл виртуоз» байқауы аяқталған соң білікті жюри құрамы алынған бағалардың негізінде «Мюзикл-2018» жобасы үшін композицияларды» бекіту туралы хаттаманы шығарады.

Конкурсанттың міндеттері: 

1. Қатысушының сауалнамасын толтыру;

2. Либретто-өлеңдермен одан әрі жұмыс істеу үшін оларды почта арқылы алу;

3. Өзінің ой-ниетін музыкалық композиция арқылы жүзеге асыру;

4. Байқауының аяқталатын күнге дейін қажетті форматта ресімделген аудиожазба мен ноталарды почтаға жіберу, титуль парағында  қатысушының реттік нөмірін (сауалнамала көрсетілген номір) көрсету.

Қатысу жарнасы 5000 тг.

Онлайн- байқау жюриінің құрамына жоғары білікті режиссёрлар, қоюшылар, сценаристер, ақындар, сазгерлер, жазушылар, драматургтер кіреді.

Барлық іріктеу байқаулардын қорытындылары бойынша «Шығармашыл виртуоз-2017» жобасының жеңімпазы салтанатты түрде жария етіледі.

Номинациялардың жеңімпаздары:

Мюзикл актерлері (Вокалистер, Бишілер, Инструменталистер, Актерлар, Көркемсөз шеберлері);

Сценарист; Либреттист; Сазгер.

Театр тобының толық құрамы, сценарий авторы, либреттист, сазгер анықталады. Асқан шебер шығармашылар өз дарындарын «Мюзикл-2018» бірыңғай бірлескен жобасын жүзеге асыруға біріктіреді.

Марапаттау

Гран-при (Кубок, Сертификат, медаль);

Барлық іріктеу байқаулардың қорытындылары бойынша әрбір номинацияда ең жоғары балға ие болғандар:

«Шығармашыл виртуоз-2017» жобасы жеңімпазының сертификатына, сондай-ақ

– «Шығармашыл виртуоз-2017» жобасының шеңберінде әзірленген алғашқы Қазақстандық «Мюзикл-2018» жобасында жетекші рөлді орындау құқығына ие болады.

1,2,3-дәрежелі лауреаттар – (диплом, медаль);

-«Шығармашыл виртуоз-2017» жобасының 1,2,3-дәрежелі лауреаттары дипломына ие болады

– Көрермендер көзайымы жүлдесі;

Басшыларға, педагогтарға, жеңімпаздардың демеушілеріне дипломдар, Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар.

«Мюзикл-2018» жобасы

 «Мюзикл-2018» жобасының мақсаты – байқауларыңын дарындарын бірлескен жұмысқа жинақтай отырып, олардың шығармашылықтары мен ой-ниеттерін жүзеге асыру.

 «Мюзикл-2018» жобасын ұйымдастырушылардың міндеттері:

Рөлдерді бөлу;

Актерлер құрамын («Шығармашыл виртуоз-2017» жобасының жеңімпаздарын) сценариймен таныстыру;

Театр сахнасында репетициялардың басталатын күнін жария ету;

Репитициялар мен Бас репетицияны ұйымдастыру;

Театрландырылған үлкен сахнада Мюзикл премьерасын ұйымдпастыру;

Мюзиклді одан әрі «Кино Жобада» жүзеге асыру үшін мюзикл премьерасына белгілі қазақстандық кинорежиссерларды, продюсерлерді шақыру;

Қазақстан бойынша тур ұйымдастыру.

 

РЕКВИЗИТТЕР: ТОО FORTUNA LARGUS

BIN: 170140000809

АО «Казкоммерцбанк» Алматы, Казахстан SWIFT: KZKOKZKX KZ 509261501192211000.

АО «Казкоммерцбанк», Алматы, Казахстан (по РФ)

SWIFT: KZKOKZKX к/с 30111810400000000059

“Сберегательный Банк Российской Федерации” Москва, Россия

ИИН 7707083893, к/с 30101810400000000225 в РКЦ ГУЦБ РФ

Бик: 044525225 SWIFT: SABRRUMM 012