25 лет Независимости РК День города 2016

Жаңалықтар

Астанада «Сахнадан сәлем!» фестивалі басталды

Астанада 12-17 маусым күндері ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында Ә.Мәмбетовтың 85 жылдығына арналған V «Сахнадан сәлем!» халықаралық театр фестивалі өтеді. – Фестиваль – театр ұжымдары, артистер, режиссерлар өзара тәжірибе алмасатын шығармашылық алаң. Дәл осындай алаңдарда ғажайып дүниелер пайда болады деп ойлаймын. Шара 2010 жылдан бері Астана күнін тойлау аясында ұйымдастырылып келеді, биыл ЭКСПО-2017…

Клезмерлік музыка фестивалі Астанада

2017 жылдың 5 тамызында Астанада «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда Халықаралық клезмерлік музыка фестивалі өтеді. Фестиваль Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Австрия және Израиль мемлекеттерінің елшіліктерімен ұйымдастырылды. «Кле-змер» термині идиш тілінде «құралдар» және «әуен» деген мағынаны береді. Клезмер шығысеуропалық еврей фольклорынан және көрші халықтардың музыкасынан шыққан. Әуел бастан клезмерлік музыка еврейлердің үйлену…

Астаналық цирк «Махаббатпен, Астана!» ұлттық бағдарламасына шақырады

24-25 маусымда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Астаналық циркте «Махаббатпен, Астана» ұлттық бағдарламасы өтеді. Көрермендер астаналық цирк өнерпаздарының жарқын номерлерін тамашалайды: әуе гимнасттары, эквилибристер, жонглерлер – виртуоздар, орыс таяғындағы акробаттар, үйретілген иттер, далматиндер, көгершіндер, шотландиялық пони, түйелер, аюлар, маймыл Джуди және т.б. Кештің ерекше қонақтары – Кадылбек Кунгужинов жетеклік ететін аңызға…

Астанада Ә.Мәмбетовтың 85 жылдығына арналған V «Сахнадан сәлем!» халықаралық театр фестивалі өтеді

Қалыптасқан дәстүр бойынша Елорда күнін мерекелеуге орайластырылған шаралар легін жыл сайынғы «Сахнадан сәлем!» халықаралық театр фестивалі ашады. Аталған шара биыл бесінші мәрте өткізіледі. 12-18 маусым аралығында қазақстандық, сонымен қатар таяу шетелдік театрлар Астанада бас қосып, көпшілік назарына өздерінің үздік қойылымдарын ұсынады. Биылғы фестиваль КСРО Халық артисі, Халық қаһарманы Ә. Мәмбетовтың…

Астанада 10 маусымда «Бәрі де ән шырқайды!» караоке чемпионаты басталады

Астана қаласы әкімінің кубогына караоке бойынша «Бәрі де ән шырқайды!» чемпионатының бірінші кезеңі 10 маусым күні сағат 17.00-де «Жастар» Сарайында өтеді. Байқау ешқандай шектеу қойылмайтын, ниет білдіргендердің барлығы да қатыса алатын Қазақстандағы жалғыз жоба. Бір ғана талап – вокалдық қабілетке ие болу. Чемпионат алғаш рет Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен екі…

Астанада Open Air концертінде танымал артистер өнер көрсетті

50 мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңындағы алғашқы шаралардың бірі Open Air конертін тамашалау үшін «Қазақ елі» монументінің алдына жиналды. Таня Терешина, Айқын, Натан, Жанар Доғалова, Мот, Қайрат Нұртас, Виа Гра, Аюми, Пицца, Винтаж топтары – барлығы 30-дан аса отандық және ресейлік танымал әнші өз…

Open Air концертінің жұлдызды қонақтары Астана қаласының әлеуметтік мекемелеріндегі балаларды Халықараллық балаларды қорғау күімен құттықтады

Жаздың алғашқы күні ең көңілді әрі жарқын мереке – Балаларды қорғау күнін атап өтеміз. 1 маусым күні таңертең елордалық бүлдіршіндерге арналған концерттер ұйымдастырылып, тосын сыйлар мен сыйлықтар табысталды. Бүгін балық алаңдарда балалардың сыңғырлаған күлкісі мен әдемі әуендер естіледі. Бүгін бірнеше әлеуметтік мекемеде қатарынан мерекелік шаралар өткізілді. Елордалық мәдениет, мұрағаттар және…

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Алжир» мұражайына барды: Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтілуде

20 жыл бұрын 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні бекітілді. Адам тағдыры аяусыз аяққа басылған тарихымыздың сол бір кезеңі жазылмас жарадай осы күнге дейін жетті. Концентрациялық лагерьлерде жүздеген мың жазықсыз жан көз жұмды, аналар болса балаларынан айырылды. Осындай лагерьлердің бірі Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандар әйелдеріне арналған лагерь,…

Нұрсұлтан Назарбаев саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

Ақмола облысы, Ақмол ауылы Іс-шараға саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының туыстары мен жақындары да қатысып, Елбасымен әңгімелесті. Мемлекет басшысы рәсім аяқталған соң БАҚ өкілдері алдында сөйлеген сөзінде бүгінгі күннің Қазақстан тарихында айрықша күн екенін атап өтті. – 31 мамырды біз Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жалпыұлттық еске алу күні ретінде атап өтеміз….

Қаллеки театры «Қызыл орамалды шынарым» спектаклінің премьерасына шақырады

Қ. Қуанышбаев  атындағы  Мемлекеттік  академиялық қазақ музыкалық драма театры 31 мамыр күні, сағат 19.00  Бейбітшілік және келісім сарайында  «Қызыл орамалды шынарым» атты лирикалық драмасының  премьерасын өткізеді. Қойылым режиссері – Қазақстанның  Халық артисі  Талғат Теменов. Қоюшы суретшісі – Рахат Сапаралиева. Спектакльдің  басты  кейіпкерлері – Ілияс пен Әсел тағдырдың жазуымен кездескен еді….

«АЛЖИР»: Ұрпақтар ұмытпайды

2017 жылғы 29 мамырда саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің ұйымдастыруымен мұражайдың 10 жылдығы мен саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» Халықаралық жобасы өткізілді. Іс-шараны өткізудегі мақсат – саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен Қазақстанға жер аударылғандардың, ХХ-шы ғасырдың 30-50-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін тақырыбын зерттеушілердің естеліктері…

(Русский) Сотрудники учреждений культуры города Астаны приняли участие в антикоррупционном заседании

kz