25 лет Независимости РК День города 2016

Жаңалықтар

The Spirit of Astana фестивалі Астанада алғаш рет өтеді

23 және 24 маусымда «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда  The Spirit of Astana 2017 қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалі өтеді. Tengri FM Ұлттық қазақстандық радиостанциясымен 2012 жылы бекітілген мультимәдениетті жоба қазақ жерінде қазіргі заманғы этникалық музыка өнерінің жарқын өкілдерінің басын қосып, қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлы Дала халқының және әлемнің мұрасымен…

Қала «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындалуда

Осы жылдың ең басты оқиғасы – «Астана ЭКСПО-2017» өтуіне санаулы күндер қалды. Бір айдан соң Елордаға ел үшін тарихи оқиғаны тамашалау үшін туристер мен шетелден қонақтар ағылады. Бүгінде дайындық жұмыстары тек көрме өтетін жерлерде ғана емес, қала бойынша да белсенді жүргізілуде. Шаһар көшелерін безендіру тақырыбы – ЭКСПО-2017 болатыны сөзсіз. Халықаралық…

Филармония оркестрінің концерттік маусымының жабылуына орай «Солистер шеруі» өтеді

Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармония оркестрінің шығармашылық ұжымы маусымның жабылуына орай қала тұрғындары мен қонақтарына арнап «Солистер шеруі» атты жаңа концерттік бағдарламасын ұсынады. Оркестрдің бас дирижері – ҚР еңбегі сіңген қайраткер Әкім Мұхатжанов.  Ұжымның жаңартылған бағдарламасын тұрғындар бүгін 22-мамыр кешкі сағат 19:00-де «Астана» концерт залында тамашалай алады. Шығармашылық ұжымның…

1 маусымда Астанада ТМД мемлекеттерінің эстрада жұлдыздарының қатысуымен Open Air концерті өтеді

1 маусымда сағат 18:00-де «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда ашық аспан астындағы Open Air шоу-концерті өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары жаздың алғашқы күнін осылай қарсы алады. Шара барысында ТМД мемлекеттерінен 30-дан аса танымал орындаушы өнер көрсетеді. Астаналықтардың назарына ВиаГра, MBand, Қайрат Нұртас, Глюкоза, Төреғали…

Астанада «Fitness Park Astana» жобасы бастау алды

14 мамырдан бастап 10 қыркүйекке дейін «Астаналық», «Студенттер», «Жерұйық» саябақтарында елорданың үздік жаттықтырушылары қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарына спорттың бес бағыты бойынша тегін жаттықтыру шараларын өткізеді: CrossFit, Zumba-dancing, combat-battle, джиу-джитсу және йога. Спорттық шаралар ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында іске асады. «Шараны біз осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырып жатырмыз. Жаңа маусым…

Астана саябақтары қала тұрғындары мен қонақтарына есігін айқара ашты

Бүгін елордада саябақтардың жаңа маусымы ашылды. Орталық саябақтың бас сахнасында мәдени-ойын-сауық бағдарламасы қойылып, жүздеген тұрғындар тамашалады. Демалушыларға кәсіби әртістер, бишілер, акробаттар мен аниматорлар көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балаларға арналған қазақ әндері мен билерінің театрландырылған буффонадасымен «Балапан-шоу» ұйымдастырылды. Танымал мультфильмнің кішкентай кейіпкерлері Миньон-шоу шарасы барысында флешмобтар мен театрландырылған қойылымдар қойылды. Осы жазда…

Астаналық цирк жаңа бағдарлама ұсынады: 10 арыстан мен Мысыр ханзадасы

Мамырдың 20-сы мен маусымның 18-і аралығында Астаналық цирк аренасында Мысырдың еңбек сіңірген артисі Хамада Кутаның жетекшілігімен аңызға айналған «10 АРЫСТАН МЕН МЫСЫР ХАНЗАДАСЫ» аттракционы көпшілік назарына ұсынылады. Оны барша әлем таниды, ал ол үйреткен жануарлардың қатысуымен өтетін қойылымдар аса әсерлі болады. Хамады Кута цирк династиясына 169 жыл. Бұл өнерге алғаш…

Елордалық саябақтардың жаңа келбеті

Елорданы саябақтарына қарап тануға болатыны сөзсіз. Үстіміздегі жылы қала тұрғындарының сүйікті демалатын орындары көркейтіліп, қонақтар үшін жайлырақ әрі заманауи болады. Өткен жылы Астаналық саябақ бірқатар өзгеріске ұшыраған болатын: павильондар саны мен қоғамдық тамақтану пунктері көбейді, оның үстіне барлығы қазіргі заманғы архитектуралық талаптарға сай жасалды. Ал гүлзарлар мен гүлдер саябақтың ажарын…

«АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде «Музейдегі түн» өтті

Халықаралық мұражай күні «Алжир» мұражай-мемориалдық кешені аумағында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Шараны Целиноград ауданы мәдениет бөлімі мен Ақмол ауылының №5 орта мектебі, Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырды. Акция аясында музей қызметкерлері мен олардың отбасылары лагерьде тұтқында болған әйелдердің өмірін көрсетті. Келушілер сезіну үшін тұтқын нәзік жандылар мен балалар тартқан…

ҚАЛЛЕКИ театры «ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ» драмасының премьерасын ұсынады

Қ. Қуанышбаев  атындағы  Мемлекеттік  академиялық қазақ музыкалық драма театры мамыр айының 18-19 күндері, сағат 19.00-де «Қорғансыздың күні» атты драманың  премьерасын өткізеді. Қойылым режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Қоюшы суретшісі – Шынар Елембаева. Ұлтымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің қашан да өз биігінде болған туындылары бүгінгі таңда киелі сахнамыздың…

«Жастар» театрындағы аңсау кеші

Биыл елорданың «Жастар» театры өзінің алғашқы мерейтойын – 10 жылдығын атап өтеді. Атаулы датаға орайластырылған іс-шаралар легі 18 және 19 мамырда «Если бы я… «актеры поют» атты аңсау кешімен басталады. Шараның қоюшы-режиссері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. Концерт барысында көрермендер өткенді еске алады: жастық шақты, студенттік өмірді,…

«Жастар» театрында «Бессонница» қойылымының премьерасы өтеді

«Жастар» театрының кезекті премьерасы көрермендерге жол тартпақ.  Орыс тілінен «Бессонница» деп аталатын «Ұйқым келмейді» музыкалық моноспектакльдің көрсетілімі бүгін 17 мамырда сағат 19:00-де өтеді. Спектакльдің қоюшы режиссері – Дәурен Серғазин. Оралхан Бөкейдің әңгімесінің желісі бойынша қойылған туындыда ашу мен шыдамдылықты, өшпенділік пен кешіруді, жомарттық пен сараңдықты, батылдық пен қорқақтықты, адамгершілік пен…