25 лет Независимости РК День города 2016

Жаңалықтар

«Жас қанат» байқауының жеңімпаздары анықталды

Жас орындаушылардың XXVI  «Жас қанат-2017» байқауы аяқталды. 26-шы байқаудың жеңімпаздарының есімі Гала-концерт барысында мәлім болды. Шара барысында конкурсанттармен бірге Бақыт Шадаева, Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев және «К7» тобы сияқты эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен «қола» үлде «IN CORO» тобына бұйырды, Бүркіт Жанай күміс алса,…

Астанада «БӘРІ ДЕ ӘН АЙТАДЫ» караоке чемпионаты өтеді

Елордада караокеден «БӘРІ ДЕ ӘН АЙТАДЫ» ашық чемпионаты өтеді. «Жастар» сарайының бастамасымен елорда әкімдігінің қолдауымен өткізілетін шара үшінші рет өз тыңдармандарын қуантпақ. 18 жастан асқан азаматтар музыкалық білімінің бар-жоқтығына қарамастан басты сыйлық – Астана әкімінің кубогына таласа алады. Чемпионатқа қатысу үшін кастинг 19 мамырда сағат 17.00-де «Жастар» сарайында өтеді, конкурсанттар…

(Русский) Общегородская тренировка под открытым небом прошла в Астане

kz

Қала билігі «Жас қанат» байқауына қатысушылармен кездесті

Столичные власти встретились с конкурсантами 26-го конкурса молодых исполнителей «Жас канат»

Бүгін елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев жас орындаушылардың жыл сайынғы «Жас қанат-2017» байқауына қатысушылармен кездесті. Айта кетейік, мұндай кездесулер игі дәстүрге айналды. Биыл ХХVІ «Жас қанат» байқауы өткізіледі. Кездесу барысында жас орындаушылар байқауда алған әсерлерімен, жоспарларымен бөлісті. Еске салайық, Қазақстан тәуелсіздігін алғалы өткізіліп келе жатқан «Жас қанат»…

Елордада ашық аспан астында жаттығулар жасау басталады

Жексенбі күні, 14 мамырда, әр апта сайын өтетін «Fitness Park Astana» спорттық-бұқаралық шарасы басталады. Аталған шара «Outdoor Sport Area» форматында өтеді. Демек, жаппай жаттығулар ашық аспан астында жасалады. Астананың үздік спорт жаттықтырушылары тегін жаттығуларды 5 бағыт бойынша жүргізеді: Cross-Fit, Бразилиялық джиу-джитсу, Zumba, Combat-battle және Йога. Бірінші жаттығу Астаналық саябақта өтеді….

Астанада «Серпер» халық аспаптары оркестрлерінің фестивалі өтеді

Шілденің 4-і мен 6-сы аралығында қалалық алаңда Елорда күнін мерекелеу және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында дәстүрлі айналған күрделі музыкалық шоу – V «Серпер» халық аспаптары оркестрлерінің фестивалі өтеді. Бұл күндері Қазақстан мен Ресейдің түкпір-түкпірінен келген танымал ұжымдар Астананы туған күнімен құттықтайды. Қала әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі фестиваль шымылдығын…

Биыл жазда саябақтарда 1000 ойын-сауық шарасы өтеді

Астанада ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізуге орай жаңа маусымда қалалық саябақтарда ұйымдастырылатын «Саябақтың жеті ғажайыбы» атты 7 бірегей тақырыптық бағдарлама әзірленді. Балаларға арналған Балапан-шоу және Миньон-шоу шаралары ұйымдастырылады. Алдар Көсе туралы ертегінің кейіпкерлері Алақай-шоу әзіл-ықақ қойылымымен және акробатикалық номерлермен өз көрермендерін қуантпақ, аталған шоу «Қара Жорға» биімен аяқталады. ЭКСПО-шоу қойылымы ЭКСПО-2017…

ЭКСПО көрмесі аясында Астанада ақындар мен жазушылардың мүшәйрасы өтеді

Үстіміздегі жылы ақындар мен жазушылардың Елорда күніне орайластырылған дәстүрлі жарысы«ЭКСПО-2017 Қазақстаным-Ғажапстаным» қамқорлығымен өтеді. – Бүгінде Қазақстанды инфрақұрылымы мен экономикасы дамыған, мәдениеті мен тарихы бай күшті мемлекет ретінде біледі. Бұған алдағы уақытта Астанада өткізілетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі дәлел болады. Мемлекетіміз үшін аса маңызды осындай шараларды жырға қосу және насихаттау әдеби сайыстың…

Елордада «Астана самалы» халықаралық үрмелі аспаптар фестивалі өтеді

Елорда күні құрметіне Қазақстан мен шетелдік үздік үрмелі аспаптар оркестрлері осымен 8-ші жыл қатарынан «Астана Самалы» халықаралық үрмелі аспаптар фестивалінде бас қосады. Қаланың барлық алаңдарында әдемі әуендер естіледі. Шараға қатысушылар шілденің 4-і мен 6-сы аралығында өз көрермендеріне керемет көңіл-күй сыйлайды.    Фестивальдің ашылуы 4 шілдеде сағат 20.00-де қалалық алаңда  өтеді….

Астанада «Мәңгілік ел» аркасында шолу алаңы ашылды

«Мәңгілік Ел» аркасында шолу алаңы мен көрме галереясы ашылды. Панорамалық дүрбімен жабдықталған шолу аумағы монументтің үстінде 21,5 метр биіктікте жасалды. Сонымен қатар, қалаға көрік беретін жаңа орын «Мәңгілік Ел» аркасының тұжырымдамасын ашатын Қазақстан тарихы туралы жұмыстарды және тақырыптық роликтерді трансляциялау үшін мультимедиялық құралдармен жабдықталған. – Салтанатты қақпаның алатын орны орасан…

Бүгін Астанада «Отан қорғаушылар» монументіне «Даңқ гүл тізбегін» қою рәсімі өтті

Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған шараға Мемлекет басшысымен бірге елорда басшылығы да қатысты. «Құрметті қазақстандықтар, баршаңызды Екінші Дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл адамзат тарихындағы ең қанқұйлы, ондаған миллион адамның өмірін қиған  ең қатігез соғыс болды. Олардың қатарында қазақстандықтар да бар, алты миллион халықтан миллион сегіз жүз мың…

Астанада 7 және 9 мамырда қандай шаралар өтеді

Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелеріне орай қазақстандықтар төрт күн демалады. Назарларыңызға 7 және 9 мамырда Астанада өтетін шаралар кестесін ұсынамыз. Отан қорғаушы күнін мерекелеу аясында өткізілетін күрделі мерекелердің бірі Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад. Оны 7 мамырда «Қазақ елі» алаңында көруге болады. Жеңіс күнін…